1253

Елордада 366 мыңнан астам адам КВИ-ге қарсы екпе алды

Екпенің бірінші компонентін 366 мыңнан артық адам алды, ал толық иммундаудан 284 мың азамат өтті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Басқарма басшысының айтуынша елордада екпе алған азаматтар арасында әр апта сайын бағалы заттардың ұтысы ойнатылады. Бүгінде қала әкімдігі 35 бағалы затты ойнатты.

«Бұдан бөлек қала әкімі Алтай Көлгінов екі бөлмелі пәтердің ұтысы туралы хабарлады. Пәтер ұтысына бірінші компонентті 25 маусымнан бастап 31 тамызға дейін алған 18 жастан жоғары қала тұрғындары қатыса алады», - деп еске салды Мұратов.

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек беру ұйымдарында, сауда ойын-сайық орталықтарында, сауда үйлерінде екпе алған азаматтар ұтысқа қатыса алады. Әкімдіктің деректеріне сәйкес жылжымайтын мүліктің ұтысы қыркүйекте жоспарланып отыр.

Елорданың бас дәрігері жұрттың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастағандығын атап өтті.

«Соңғы уақытта халықтың вакцинацияға деген белсенділігі байқалады. Жұрт өз денсаулығына, айналасындағы адамдардың денсаулығына саналы түрде қарай бастады. Коронавирустың жаңа қауіпті штаммы – «Дельтадан» сақтана бастады» , - деп мәлімдеді спикер.

Айта кетейік, елордадағы егу пункттері күн сайын сағат 10.00-ден бастап 22.00-ге дейін күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109