1250

Сарыарқа ауданында газға қосылған тұрғындардың құжаттарын рәсімдеу штабы құрылды

Сарыарқа ауданында газдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазіргі уақытта газға 280 үй қосылған. Аудандық әкімдікте көгілдір отынға қосылған кезде құжаттарды рәсімдеуде халыққа көмек көрсету үшін арнайы штаб құрылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үйлерге газ өткізу бойынша түсініктеме берді. Тұрғын үй алаптары 10 секторға бөлінді.

Бүгінгі таңда ауданда 280 үй газға қосылған. 372 үйде монтаждау жұмыстары жүргізілуде (құбырлар, қазандықтар және т.б. орнату), тағы 1269 тұрғын техникалық қызметтерге жүгінді. Бұл сандар күн сайын өсуде.

«Газға қосылудың басты шарты — үйге дұрыс рәсімделген құжаттар. Тұрғындармен әңгімелесу барысында құжаттарға байланысты проблема бар екені анықталды. Елді мекендерді газға жаппай қосуды жүзеге асыру үшін аудандық әкімдікте (Сарыарқа даңғылы, 13) халыққа құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету үшін арнайы штаб құрылды. Штаб қызметкерлері әрбір тұрғынның құжаттарын жеке қарастырады», — деп түсіндірді Есет Байкен.

Қазіргі уақытта штабқа газға қосылуға ниетті 300-ден астам үйдің тұрғындары жүгінді, бірақ құжаттарды ресімдеу қажет.

Штабқа + 77023831477 (Тасболат Мақсат) нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109