1254

Нұр-Сұлтанда үлкен іс-шаралардың өтуіне байланысты КВИ жұқтырған науқастар қатары артты

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордада COVID-19 тарайтын басты орындарды атады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

ОКҚ брифингінде Сархат Бейсенова соңғы аптада коронавирус инфекциясы көп таралған орындарды атады. Олардың ішінде сауда нысандары – 26%, отбасындағы қарым-қатынас – 19%, қоғамдық көлік — 9,6%, базарлар — 12,5%, саябақтар мен демалыс орындары — 17%.

«Үйлену тойлары, мерейтойлар, құда түсу секілді іс-шаралардың өтуіне байланысты жұқтыру көрсеткіші 0,8 пайыздан 12 пайызға дейін артты. Өзге өңірлерге және қала маңы аумағына қыдыру себепті жұқтыру көрсеткіші — 3,9%. Аурудың мутацияланған түрі — «Дельта» штаммы, сол сияқты маска режимі, әлеуметтік қашықтық сақталмауы, вакцинацияны елемеу себепті де індет басылмай отыр. Бұл вирустың қала аумағына тез таралуына ықпал етеді», – деп атап өтті елорданың санитарлық дәрігері.

«Ashyq» жобасы енгізілгеннен бері елордада үй карантинін бұзған 12 789 келуші, оның ішінде «қызыл» статусы бар 8 433 келуші, «сары» статусы бар 4 356 адам анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыларға 30 АЕК немесе 87 510 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109