1830

Нұр-Сұлтанда «Сайран» аула клубы ашылды

Елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасы «Астана жастары» КММ-мен бірлесіп «Сайран» тұрғын үй кешенінде орналасқан жаңа аула клубын ашты. Оның тәрбиеленушілері трибунасы бар футбол алаңында жаттыға алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Сайран» құрылыс компаниясының бас директоры Талғат Қожахметовтің айтуынша тұрғын үй кешенінің жобасында аула клубы мен стадион салу сонау 2009 жылы қарастырылыпты.

«Алаң шағын футбол стандарттына сай 20х40 метр, трибунасына екі жүзге жуық адам сыяды. Мұнда футбол және гандбол турнирлерін өткізуге болады. Бұдан бөлек шешінетін және жуынатын бөлмелері қарастырылған. Бізде теориялық сабақтарға арналған зал бар, онда жұрт әңгіме-дүкен құрып, шахмат, дойбы секілді зияткерлік ойындар ойнай алады. Балалардың күні бойы үйінен шықпай, диванда жатып, телефон шұқылауы дұрыс емес. Стадион мен аула клубы балаларымыздың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануы үшін қажет», - деді Талғат Қожахметов.

Ашылу салтанатында клуб балалары допты ұршықша иіріп, шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, жұрттың таңдайын қақтырар матч өткізді.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаровтың айтуынша жыл соңына дейін Нұр-Сұлтанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аула клубтарының санын 30-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«Қазір елордада 30-дан астам аула клубы жұмыс істейді. Олардың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді қадамдық күйде түрлі секцияларға тегін баруын қамтамасыз ету», - деді ол.

«Сайран» Сарыарқа ауданындағы бесінші аула клубына айналды, жыл басында тек екеуі ғана болатын.

Жаңа клубтың балалары негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан. Футбол секциясына тұрақты түрде іріктеу жүргізіледі, сондай-ақ аула клубтары арасында чемпионаттар өткізу жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109