1095

Нұр-Сұлтанда «Арнайы көлікке жол бер» акциясы өтті

Елордалық ТЖД мен полиция департаментінің қызметкерлері Сәтпаев-Б.Момышұлы-Тәуелсіздік-Күйші Дина, Сәтпаев-Қажымұқан-Жұмабаев-Б.Момышұлы көшелерінің бойында «Арнайы көлікке жол бер» акциясын өткізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бұл акция автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерді түсіністікпен қарауға және арнайы көлікке жол беруге шақырды, өйткені бұл біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Тәртіп сақшылары жолда кедергі келтіргені үшін жүргізушілерге 7 АЕК-ке дейін айыппұл салынатынын еске салды.

2021 жылдың басынан бастап құтқарушылар 3303 шақыртуға барды. Оның ішінде 469 оқиға — өрт, авариялық-құтқару жұмыстары – 938 шақырту. Өрттен 54 адам құтқарылып, 7 адам қаза тапты. Өткен жылмен салыстырсақ, былтыр өрт сөндірушілер 2387 шақыртуға шыққан. Оның ішінде өрт – 331, авариялық-құтқару жұмыстары – 695. Оның басым бөлігі тұрғын үй секторына тиесілі.

«Өрт шыққан жағдайда өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минуттан кешікпей жетуі тиіс. Ал көлік кептелісі жағдайында жылдам жету екіталай. Құтқарушылардың оқиға орнына жылдам жетуі адам өмірін құтқарып қалуға әсер етеді. Әрбір секунд маңызды», - деп атап өтті ТЖД.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, жүргізушілер жауапкершілікті сезініп, арнайы көліктердің өтіп кетуіне жәрдем етеді. Бірақ жаяу жүргіншілер арасында сирень дауысына мән бермейтіндері де бар екен.

«Жағдай әртүрлі. Жаяу жүргіншілер құлаққап тағып алып жүреді. Тиісінше ешнәрсе естімейді, көрмейді. Біз дәл жанына тоқтаған кезде ғана байқайды. Сол сияқты жүргізуші өткізіп жібергісі келетін, бірақ оңға немесе солға бұрылуына мүмкіндік болмайтын сәттер де бар. Осындай кезде қарсы бағытқа шығуға мәжбүр боламыз. Тұрғын үй аулаларында да үлкен проблема бар. Көліктер ретсіз қойыла салады немесе шлагбаумдар жабық тұрады. Осы себепті сағат 22:00-23:00-ден кейін жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері қажетті үйге жете алмайды», — деді №2 МӨСБ бөлімше командирі, аға сержант Достан Жәкенов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109