1171

Бетперде тақпайды, кальян ұсынады: Елордада бір күн ішінде 9 мекеме карантинді бұзды

Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік нысандары арасында карантин шектеулерін бұзғандарды анықтау бойынша тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын істеуде. Өткен тәулікте, 11 тамызда карантин талаптарын бұзған 9 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен, Есіл ауданындағы «Панаехали» барында елорданың бас санитарлық дәрігері қаулысының талаптары бұзылғаны анықталды, келушілер мен мекеме әкімшілігі маска режимін сақтамаған, сонымен қатар кальян шегу бойынша қызметтер көрсетілді.

Сарыарқа ауданында карантин талабын бұзушылар тізіміне «Pivovaroff» мейрамханасы, «PS4» ойын клубы енді.

Алматы ауданында белгіленген уақыттан кейін «Бар Graff.in», «Куры Гриль» асханасы, «Рыба моей мечты» караоке бары жұмысын жалғастырды.

Байқоңыр ауданында орналасқан «Панаехали», «Шашлыкоff» барларында, «Жасмин» кафесінде карантин сақталған жоқ.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауыратындар санының өсуі жалғасуда. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау үшін саннормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109