1166

Спорт жанкүйерлері қала тұрғындарын вакцина алуға шақырады

Елордада спорт жанкүйерлерінің вакцинацияны қолдауға арналған акциясы өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елде өтетін үлкен жарыс кезінде трибуналардың бос тұруы қарапайым тұрғындардың ғана көңілін түсірмейді. Пандемия басталғаннан бері командалық және басқа спорт түрлерінің жанкүйерлері көп зардап шегіп жатыр. Елордада "Астана" футбол клубының жанкүйерлері тұрғындарды трибуналарға оралып, сүйікті командаларына қолдау көрсету үшін вакцинаны тезірек алуға шақырды.

«Құрметті "Астана" клубының жанкүйерлері, сіздерді екпе алуға шақырамын. Өзім жанкүйер ретінде ойынды стадионнан көріп, жанкүйер болғым келеді, футболдың әдемі сәттерін өз көзіммен көрсем деймін. Астаналықтар мен қаламызға келген қонақтардың тезірек вакцинацияланғанын қалаймын. Осылай ғана біз пандемияны жеңеміз!» — деді "Астана" ФК жанкүйері Талғат Құсайынов.

«Елде маңызды матчтар басталды, бірақ пандемияға байланысты олар жанкүйерлерсіз өтеді. Жанкүйерлерді трибунаға қайтару үшін барлығын екпе алуға шақырамын», — деді футбол фанаты Жамбыл Молдашбаев.

Хоккей әуесқойлары да шетте қалмады. Атап айтқанда, "Барыс" жанкүйерлері акцияға қосылып, елорда тұрғындары мен қонақтарын иммундаудан өтуге шақырды.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, сіздерді екпе алуға шақырамын. ҚХЛ матчтары басталып та кетті, ал біз "Барыс" ойынын көре алмаймыз. Пандемияны жеңудің жалғыз жолы — вакцинация», — деп "Барыс" ХК жанкүйері Мэлс Әділбек қазақстандықтарды екпе алуға шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109