1128

«Жасыл ел» жасағының ХVII еңбек маусымы аяқталды

«Жасыл ел» жасағының ХVII еңбек маусымы аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Биылғы маусымда 1200 бала жұмысқа орналастырылып, жазғы уақыттарын тиімді өткізді.

«2005 жылғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауынан кейін «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бағдарламасы республиканың барлық өңірінде және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жүзеге аса бастады. «Жасыл ел» бастамасы – терең өмірлік мәні мен маңызы бар дүние! Жыл сайын осы бағдарламаны іске асыруға қала жастары мен студенттер, мектеп оқушылары белсенді атсалысады.

«Жасыл ел» жастар еңбек және студенттік құрылыс жасақтарының бүгін – Халықаралық жастар күнінде, ХVII еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті. 2021 жылғы сәуір айында бастау алып, 1200 бала жұмысқа орналастырылып, жазғы уақыттарын тиімді пайдаланып, қызметтерін аяқтады. Жылдан жылға жастар арасында танымал және сұранысқа ие болып келе жатқан осы жоба аясында, бірінші кезекте әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын жұмысқа орналастыруға тырысамыз. Былтыр көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан 731 бала қызмет атқарып, биыл да 600-ден астам бала жұмыспен қамтылды. Жастарымыз жас ерекшелігіне қарай, мектеп ауласы мен саябақтар, скверлерде, сондай-ақ қаланың құрылыс компанияларында еңбек етті», – деді республикалық студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының төрағасы Мұрат Мұхамеджанұлы.

Еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсіміне жобаның серіктестері – «Астана орманы» ЖШС, «Астана көгалдандыру құрылысы» ЖШС, «Bazis Constraction» ЖШС өкілдері қатысты.

Ал жаз мезгілінде жұмыс істеп, белсенділігімен ерекше көзге түскен балалар «Үздік жетекші – 2021», «Үздік сарбаз – 2021», «Үздік құрылысшы – 2021», «Үздік тик-токер – 2021» номинациялары бойынша алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109