1223

Нұр-Сұлтанда халықаралық жастар күніне орай экосенбілік өтті

Қоршаған ортаны қорғау —  игілікті іс. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ еріктілері халықаралық жастар күніне орай қол қусырып отырмай, экосенбілікке шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «30 игі акция» аясында елордалық жастар мен еріктілердің қатысуымен экосенбілік ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлер ұйымы қала маңындағы қоқыстарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Себебі табиғат — тіршілік көзі. Жалпы айтқанда биыл осы сынды сенбіліктердің 50-ден астамы өткізілді», — деді волонтер Олжас Хамитов.

Волонтердің айтуынша экосенбіліктердің арқасында қаланың экологиялық жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Сонымен қатар оған тек еріктілер ғана емес, елорданың әрбір тұрғыны қатысса қала гүлдеп, күннен күнге көркейетінін мәлім етті.

«Соңғы 10 жылдықта волонтерлік қызмет қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта халық бұл қызметке бей-жай қарамайды. Себебі Президенттің өзі волонтерлікті қолдап, оның дамуына үлес қосуда. «Волонтерлік қызметтің маңызы неде?» деген сұраққа жауап беретін болсақ, оның қоғамдық маңызы мен орны ерекше. Әсіресе, қоғамдық рөлі, тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мен қайырымдылықпен айналысу елімізге жақсы жағынан пайдасын алып келеді. Қазіргі таңда қаламыз күн сайын өсіп, көркеюде. Соған қарамастан экологиялық жағдайды да ойлап, көшелердің тазалығына аса мән беру керек деп есептеймін. Сол себептен де бүгін біз волонтерлер ұжымы мен жастар экосенбілікке шығып, қаланың тазалығына аса мән берудеміз», — деді «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова.

Аталған шараға еріктілермен қатар 20-дан аса ЖОО және ОАОО студенттері қатысып, барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109