1376

Нұр-Сұлтанда алимент бойынша борышкерлерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Елордада алименттік төлемдер бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету мақсатында онлайн форматта бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шараны Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығымен және Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Алимент бойынша 70-ке жуық борышкерге бухгалтер, менеджер, оператор, заңгер, күзетші, жүргізуші, инженер, терапевт, құрылысшы және экономист мамандығы бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды.

"Байбатыр күзет" ЖШС, "Apple city corps" ЖШС, "Завод очистных сооружений" ЖШС, "Астанаэнергосбыт" ЖШС, "Sas securityservice" ЖШС, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің автокөліктік қызмет көрсету мекемесі" ММ, "Астана қалалық жарық" ЖШС, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы МКҚК сияқты жұмыс берушілер ұсынылған бос орындарға 80 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін жалақы төленетінін айтты.

Қазіргі уақытта елордада "алимент" санатындағы атқарушылық іс жүргізу 15 000-ға жуық, оның ішінде 8 500-і мерзімді орындауда, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Бердібеков.

"Борышкерлерді іздестіруге байланысты 1000 атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды, 3000-ға жуық борышкер алиментті өз бетінше төлейді, сондай-ақ 2500 борышкердің тұрақты табыс көзі жоқ және жұмыссыз болып саналады. Осыған байланысты, борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында Халықты жұмыспен қамту орталығы мен РҚАО - мен бірлесіп аталған іс-шараны ұйымдастырды", - деп атап өтті Азамат Бердібеков.

"Мені" Apple city corps" ЖШС-де экспедитор - жүргізушінің бос орны қызықтырды, осы кәсіпорында әңгімелесуден өтемін", - деді жәрмеңкеге қатысушы Евгений Панченко.

Тағы бір қатысушы Жандос Женжурин пандемияға байланысты бұрынғы жұмысынан кетуге мәжбүр болғандықтан бірнеше ай бойы жұмыссыз болғанын айтты.

"Жәрмеңкеде мамандыққа сәйкес келетін бірнеше жұмыс таптым. Қазір "Завод очистных сооружений" ЖШС-дағы электриктің бос орнын қарастырып жатырмын", - деп атап өтті ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл осындай бос орындар жәрмеңкесі тағы да бірнеше рет өтеді.

Айта кету керек, борышкерлердің мұндай іс-шараларға қатыспауы, сондай-ақ ұсынылған бос орыннан бас тартуы жауапкершілікке әкеп соғады және алиментті төлеуден қасақана жалтару ретінде қабылданады. Тиісінше, мұндай адамдарға қатысты әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту түрінде шаралар қабылданады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109