1070

Елорданың тағы 8 мекемесі карантин талабын ескермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Өткен тәулікте, 12 тамызда елорданың мониторингтік топтары қаланың кәсіпкерлік объектілері арасында 8 карантин бұзушыны анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында белгіленген уақыттан кейін " Панаехали " бары мен "Opus One" мейрамханасы келушілерді қабылдаған. Байқоңыр ауданында орналасқан "Зейд" демалыс клубында карантиннің шектеулерінің сақталмағаны анықталды.

Жұмыс режимінің бұзылуы Алматы ауданының тағы 5 мекемесінде – "Паначи" барында, "Плов центр" кафесінде, "Алания" түнгі клубында, "Тема" компьютерлік клубында және "Донер" кафесінде тіркелді.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, коронавируспен ауыратындар саны өсуде. Күн сайын ковидтік ауруханаларға аурудың орташа және ауыр ағымы бар ондаған науқас түседі. Елорда тұрғындары мен қонақтары саналы түрде саннормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуы және өз денсаулығы мен айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтау үшін вакцинациялануы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109