1361

Елордалық СОО қызметкерлері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын айтып берді

Қазіргі уақытта «Ashyq» жобасы аясында елордада ондаған кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді – сауда ойын-сауық мекемелерінен бастап, бірқатар сауда орталықтары мен қала базарларына дейін. Елордалық сауда ойын-сауық орталығының қызметкерлері бағдарламаның қандай жеңілдіктер беретінін және келушілердің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Әкімшілік-шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Абзал Ахметов «Ashyq» бағдарламасы сауда орталығында қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ететінін атап өтті.

«22 шілдеден бастап «Mega Silk Way» СОО «Ashyq» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Ғимаратқа кіру кезінде келушілердің статусы тексеріледі. Сол сияқты орталық ішіндегі тамақтану орындары, кинотеатрлар мен көңіл көтеру орындары «Ashyq» бойынша жұмыс істейді. Яғни, бұл қосымша бақылауға мүмкіндік береді, соның есебінен біз «сары» және «қызыл» статусы бар келушілерді анықтап, олардың кіруіне жол бермейміз», - деді спикер.

«Mega Silk Way» СОО PR бөлімінің жетекшісі Дина Искакованың айтуынша бағдарлама жұрттың орталық ішінде вирус жұқтыруының алдын алуға мүмкіндік береді.

«Орталық «Ashyq» қосымшасына қосылғалы бері «қызыл» және «сары» статусы бар келушілерді тіркедік. Яғни, осы жобаның арқасында келушілердің індет жұқтыруына жол бермейміз», - деді ол.

Қосымшаның тиімділігін сауда орталығының қызметкерлері де айрықша атап өтті. Олардың айтуынша, қызметкерлер жоба арқасында алаңсыз жұмыс істей алады.

«Ashyq» қосымшасына көзқарасым оң. Бұл – қауіпсіздік, еркін жұмыс істеу және еркін жүру мүмкіндігі. Бірінші кезекте жұрттың өз статусы мен денсаулығын көру мүмкіндігі», - деді «Mega Silk Way» сауда ойын-сауық орталығының қызметкері Нұрай Саматқызы.

Айта кетейік, дүйсенбіден, яғни 9 тамыздан бастап Қазақстанда «Ashyq» жобасына қатысушы нысандардың жұмыс уақыты екі сағатқа артты. «Қою қызыл» аймақтағы нысандарға бағдарлама бойынша 22.00-ге дейін, ал «Ashyq көшбасшысы» статусы бар мекемелерге 00.00-ге дейін жұмыс істеу рұқсат етіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109