1502

Нұр-Сұлтанда екі iPhone 12 және басқа да бағалы сыйлықтардың алтыншы ұтыс ойыны өтеді

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады. 

Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың алтыншы ұтыс ойыны 14 тамызда (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді. Алтыншы ұтыс ойынына 7 тамыз бен 13 тамыз аралығында (қоса алғанда) вакцинацияланғандар қатысады.

Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын апта сайын өткізеді. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі, арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.

Елорда әкімдігі вакцина алғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды жүлделердің ұтыс ойынын апта сайын өткізіп тұратынын еске саламыз. Мысалы, 9 шілдеден бастап вакцинацияланғандар арасында iPhone 12 телефонының 13 данасы, төрт тоңазытқыш, үш теледидар, екі планшет, үш микротолқынды пеш, бес принтер, екі бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы және ауа ылғалдандырғыш ойнатылды.

Апта сайынғы ұтыс ойынынан бөлек, биыл қыркүйек айында вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Оны осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары ұтып ала алады. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелердегі, СОО/СҮ-дегі.

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО-ның вакцинация пунктінде екпенің бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Екпе алғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өзінің және жақындарының денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және бұрынғы карантинге дейінгі режимге оралу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109