1280

Елордалық 10 мекеме санитарлық нормаларды елемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Өткен тәулікте, 13 тамызда елорданың мониторингтік топтары қаланың кәсіпкерлік объектілері арасында карантин бүзған 10 мекемені анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында 4 мекеме карантин режимін бұза отырып жұмыс істеген. Бұл «Garage», «Meat and Beer», «MILLIONAIRE» мейрамханалары және «Baoli» кафесі. Байқоңыр ауданындағы "Шашлыкоff" және "Гампур" барларында және «Tokyo» компьютерлік клубында да еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы орындалмағаны анықталды. 

Саннормалардың сақталмауы Алматы ауданының «Панаехали» атмосфералық барында және Сарыарқа ауданының «Хива» және «Нирвана» мекемелерінде де тіркелді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауыратындар санының өсуі жалғасуда. Күн сайын ковидтік ауруханаларға аурудың орташа және ауыр ағымы бар ондаған науқастар түседі. Елорда тұрғындары мен қонақтары саналы түрде саннормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуы және өз денсаулығын сақтап, айналасындағыларға қауіп төндірмес үшін вакцинациялануы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109