2160

Тұран көшесінің екі учаскесі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды

"Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ "Ш.Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскедегі №27 көшенің құрылысы" жобасын іске асыру шеңберінде қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен асфальтбетон жабынын орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Осыған байланысты, 15 тамызда сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Ұлы дала даңғылының қиылысында автокөлік құралдары үшін қозғалысты ішінара жабу жоспарлануда. 

Сондай-ақ, ведомствода Хусейн бен талал көшесіндегі жол төсемін ағымдағы жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарланды. 15-16 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол ішінара жабылады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеді.

"Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Хусейн бен талал көшесіндегі жол төсемін ағымдағы жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды. Осыған байланысты, 15-16 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109