1031

Нұр-Сұлтанда үш күнде карантин талаптарын сақтамаған 37 мекеме жауапкершілікке тартылды

Өткен тәулікте, яғни 15 тамызда елорданың мониторингтік топтары 10 кәсіпкерлік нысанда карантин талаптары сақталмағанын анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында карантин режимін 4 мекеме сақтамаған. Олардың арасында «Pinecone», «Текила» лаундж-барлары, «Loto club» лотерея клубы, «Opus One» мейрамханасы бар.

Сарыарқа ауданындағы «Арна», «El plaza», «Астау» мейрамханаларында, «Pirat bar» және «Skysmoke» кафе-барында да карантиндік шектеулер сақталмаған. Сондай-ақ, тәртіп бұзушылар тізіміне Алматы ауданында орналасқан «Томирис» кафесі де енді.

Айта кету керек, өткен үш күнде Нұр-Сұлтан қаласында 37 мекеме шектеу шараларын сақтамағаны анықталды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Жұқпалы аурулар ауруханаларына күнделікті індеттің орташа және ауыр ағымы бар ондаған науқас жатқызылады. Осыған байланысты елорда тұрғындары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Айта кету керек, инфекцияны тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі – вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109