1505

Елордада өкпесі 93% зақымданған әйел босанып, емделіп шықты

Биыл 2 шілде күні науқас К.Ботагөз Көпбейінді қалалық ауруханасының акушерлік блогынан № 2 қалалық көпбейінді аурухананың стационарына ауыстырылды. Мамандардың айтуынша оның жағдайы өте ауыр болған, өкпенің зақымдануы 93%-дан асыпты.

Науқас жүктіліктің 37-38 аптасында коронавирус жұқтырған.

Ботагөзде 20 маусым күні әлсіздік, дененің ауыруы, мұрынның бітелуі секілді өзгерістер байқала бастаған. Сол сияқты жөтелінде қақырық пайда болып, дене температурасы көтерілген. Қуанышқа орай, 28 маусым күні босанып, дені сау нәрестені дүниеге әкелді. Бірақ індет өршіп, оның жағдайы нашарлай түскен.

«Қабылдау кезінде науқастың жағдайы тыныс алу жеткіліксіздігінің, интоксикация синдромының салдарынан өте ауыр болды. Біз медициналық көмек көрсетудің жоғары технологиялық қызметтерін пайдалана отырып, пациентті құтқарып қалу үшін күрестік. 21 шілдеде пациентті экстракорпоральды мембраналық оксигенация аппаратынан шығардық. Осыдан кейін науқас СРАР аппаратына өкпені мәжбүрлі желдету режиміне ауыстырылды. Бұл аппарат өкпенің толығымен ашылуы үшін жүктеме ретінде қосылады», - деп еске алады № 2 қалалық көпбейінді аурухананың дәрігері Айжан Шанова.

Арада 28 күн өткеннен кейін елорда тұрғыны жалпы палатаға ауыстырылды. Бірақ бұл науқастың толығымен емделіп шықты дегенді білдірмейді. Алдағы уақытта дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Қазір Ботагөзді үйінде күйеуі мен қызы күтіп отыр.

Емдеу кезінде стационарда жоғары білікті мамандардың қатысуымен консилиумдар өткізілді. Дәрігерлердің бірлескен жұмысының арқасында науқас емделіп, коронавирусты жеңіп шықты.
«Өз өмірім үшін күресу және үйіме оралу – басты мақсатым болды. Бәріңізге, әсіресе дәрігерлерге көрсеткен көмегі үшін, өмірімді құтқаруға ұмтылғаны үшін алғыс айтқым келеді. Енді үйіме, отбасыма және қызыма орала аламын», - деп қорытындылады елорда тұрғыны.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109