1028

Елордалық спортшылар грэпплингтен әлем чемпионатында 8 медаль жеңіп алды

Ресейдің Уфа қаласындада грэпплингтен жастар арасында әлем чемпионаты өз мəресіне жетті. Байрақты бәсекеге Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венгрия, Испания, Италия, Қырғызстан, Литва, Ресей, Филлипин, Хорватия, Қазақстан елінен барлығы 150-ге жуық спортшы қатысты. 

Спортшылар 16-17, 18-20 жас бойынша сынға түсті. Екі күнге созылған дүбірлі додада елорда спортшылары үш алтын, үш күміс, екі қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Алихан Хабибулла грэпплингтен 16-17 жас аралығындағы жастар арасында 84 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды жеңіп алды. Сол сияқты грэпплинг ги бөлімінен де қарсылас шақ келтірмей алтынан алқа тақты. Тағы бір алтынды ел қоржынына 130 келі салмақта Русланали Мұхамадиев салды.

Ал өз кезегінде грэпплинг бөлімінде Александр Назаренко екінші орын, Заңғар Абзал үшінші орынды иеленсе, грэпплинг ги бөлімінде Заңғар Абзал, Кирилл Ткач күміс жүлде, Нұржан Батырбеков қола жүлдені жеңіп алды.

Грэпплингтен Нұр-Сұлтан қаласының №7 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жаттықтырушысы Тоқтар Зарубеков елордалық спортшылардың қарқынын жоғары бағалады.

«Бұл әлем чемпионатына біз Түркістан облысының Шардара қаласында өткен Қазақстан чемпионатындағы іріктеуден кейін маусым айынан бастап дайындалдық. Чемпионатта өзімнің жеке оқушыларым және өзге де жаттықтырушылардың шәкірттері өнер көрсетті. Менің ойымша, спортшыларымыз жоспарды 200% орындады. Нәтиже керемет. Русланали Мұхамадиев Нұ-Сұлтан қаласынан жасөспірімдер арасында алғашқы әлем чемпионы атанды. Ол кадет ретінде қосымша анықтама бойынша жасөспірімдер арасында өнер көрсетті. Сондай-ақ Алихан Хабибулла грэпплинг және грэпплинг ги бөлімдеріндегі кадеттер арасында алғашқы әлем чемпионы атанды. Бәсекелестік өте күшті болды. Негізгі қарсыластар дағыстандықтар, дәлірек айтқанда Ресей мен Филлипиндер болды», - деді жаттықтырушы.

Сонымен қатар аталған чемпионатта ел құрамасы 18 алтын, 25 күміс, 19 қола жүлемен жалпы командалық есепте екінші орынға жайғасты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109