1089

Нұр-Сұлтанда екпе алғандар арасында бағалы заттардың алтыншы ұтыс ойынының жеңімпаздары белгілі болды

Нұр-Сұлтанда екпе алғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады. Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың алтыншы ұтыс ойыны 14 тамызда (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтті. Кезекті ұтыс ойынына 7 тамыз бен 13 тамыз аралығында (қоса алғанда) вакциналанғандар қатысты.

Вакциналанғандар арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойындары апта сайын өткізіледі.

Бұл ұтыс ойындарына вакцинациялаудың барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі, арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.
Осылайша алтыншы ұтыс ойынының жеңімпаздары:

iPhone 12 иегерлері: 1) № 5784 - Чижикова Евгения Александровна, 2) № 3200 – Азиз Аятахунов;
«Технодом» дүкенінің кір жуғыш машинасын ұтып алды: 3) № 17157 – Гүлден Әжіғұлова;
«Технодом» дүкенінің тоңазытқышын ұтып алды: 4) № 16298 – Назерке Қозыке;
«Agrinet» компаниясының микротолқынды пеші: 5) № 15338 – Аружан Әбілдашева;
Осыған дейін екпе алғандар арасында соңғы үлгідегі iPhone 12 телефонының 13 данасы, 4 тоңазытқыш, 3 теледидар, 2 планшет, 3 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 DVR, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы және ауа ылғалдандырғыш ойнатылды.

Birge платформасында (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Екпе алғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Айта кетейік, елордада жұртты вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Вакцинацияланғандардың арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Оны осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары ұтып ала алады. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО-ның вакцинация пунктінде екпенің бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өзінің және жақындарының денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109