1009

Елордада «Еңбек жолы» байқауының қорытындысы шығарылды

Нұр-Сұлтанда Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Еңбек жолы» байқауының нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Еңбек жолы» байқауы Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында өткізіледі.

Елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбековтің төрағалығымен өткен конкурстық комиссияның шешімімен Әбеновтар отбасы үздік еңбек әулеті деп танылды. Теміржол көлігі саласындағы әулеттің жалпы еңбек өтілі 240 жылды құрайды. Екінші орынды болат магистральда 108 жыл жұмыс істеген Бурлиновтар отбасы алды.

Жүлдегерлердің үштігін жалпы еңбек өтілі 38 жылды құрайтын Майхановтар отбасы қорытындылады. Сол сияқты Ташмағанбетовтар әулеті су құбыры-кәріз шаруашылығы саласында 38 жыл жұмыс істеді, олар да үшінші орынға ие болды.

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 9 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК жалпы практика дәрігері Сабырхан Шерғазин жеңімпаз атанды. Екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 81 «Әсемгүл» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі Жұлдыз Рыспаева иеленді. Байқаудың қола жүлдегері болып «№33 мектеп- балабақша кешені» КММ информатика пәнінің мұғалімі Мұрат Мәдібаев атанды.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» деп аталатын «Еңбек жолы» конкурсының үшінші номинациясында №15 мектеп-лицейінің экономика пәнінің педагог-зерттеушісі Рая Қасмағанбет, екінші орында – «Астана-Теплотранзит» АҚ жылу желілерін пайдалану қызметінің №4 учаске басшысы Рауль Афризонов, үшінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК ағылшын тілі мұғалімі Жұпархан Слатова жеңіп алды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109