1624

Нұр-Сұлтан қаласында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акцияның мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Осы орайда әр аудандағы жағдайдан хабардар етпекпіз.

Сарыарқа ауданынының оқушылары мен ата-аналары дәстүрлі форматта басталатын жаңа оқу жылының жақындағанына қуануда. Биыл ауданда «Мектепке жол» акциясы аясында 500 балаға оқу құралдары бар сөмке берілмек.

«Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осы орайда барша оқушыларды құттықтай отырып, білім мен ғылымға, жаңашылдыққа құштар болуға шақырамын. Оқушылардың білім алуы үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалуда. Бүгін міне, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына қолдау көрсету үшін «Мектепке жол» акциясын бастады. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Жалпы саны 500 балаға оқу құралдары бар сөмке беріледі», - деді «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Ахимбеков.
«Бүгін балаларымызға мектепке қажетті құрал-жабдықтар беріп жатыр. Бәрінен де балаларымыз мектеп қабырғасына барып білім алатындарына қуанып жүр. Қандай жағдай болмасын балаларымыз оқусыз қалмасын деп көмек беріліп келеді. Алғысымыз шексіз. Ең бастысы, балалар ауырмай, оқулары үзілмесе екен деп тілейміз», - деді №65 мектеп-гимназия оқушысының ата-анасы Айгүл Қамбарова.
Алматы ауданында республикалық акция бүгін, 16 тамызда басталды. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде аудан мектептерінің бастауыш сыныптарында оқитын 450 оқушыға көмек көрсетіледі.
Ауданда барлығы 33 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 27-сі – мемлекеттік, 6-ауы – жекеменшік мектеп.

Осыдан 3 күн бұрын Есіл ауданында да жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.
Бүгін аудан әкімдігінің қызметкерлері аудандық прокуратура өкілдерімен бірге №69 мектеп оқушыларына рюкзактар мен мектеп құралдарын табыс етті. Биыл дәстүрлі акция аясында Есіл ауданында оқып жатқан 350-ге жуық баланы қамту жоспарланып отыр.
Әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ШОБ өкілдері мен мемлекеттік органдар әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кеңсе тауарларын, портфельдерді және т.б. сыйға тартуда. Акция аясында 2018 жылдан бастап Есіл ауданында 1 000-нан астам бала көмек алды.
Байқоңыр ауданында «Мектепке жол» акциясына қатысуға 50-ден астам кәсіпкер ынта білдірді.
Жыл сайын өтетін бұл игі іс-шараға аудандағы шағын және орта бизнес өкілдері өз мүмкіндігінше қолдау көрсетіп келеді. Аудан әкімінің аппараты биыл аталған қайырымдылық шарасы аясында 700 оқушыға көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Мектеп сөмкесі оқушыға қажетті негізгі кеңсе тауарларымен толтырылған. Сонымен қатар, биыл керекті заттардың қатары медициналық бетпердемен толықты (маска).
Мектеп сөмкелері бастауыш сыныптар мен үлкен сыныптар санатына бөлініп жасақталды.
Ата-аналар «Менің Атамекенім» порталында «Мектепке жол» платформасындағы сілтеме бойынша (www.atamekenim.kz) көмек алуға өтінім қалдыра алады. Бұл платформа көмекке мұқтаж адамдар мен қайырымдылық жасаушылар арасында тікелей байланысты қамтамасыз етеді. Өтінімді портал өңдейді, көмек кезек бойынша көрсетіледі.
Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы демеушілердің көмегімен жүзеге асырылуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109