1091

Елордада маса мен шыбын-шіркейді улау бойынша 4 тур аяқталды

Елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мердігерлік ұйымы «Астаналық дезинфекция» ЖШС қалада маса мен шіркейдің санын азайту бойынша жұмыстардың төртінші кезеңін өткізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, шыбын-шіркейді улау жұмыстары барлығы 6 тур бойынша жүргізіледі.

Ашық станциялардағы дезинсекциялық шаралар елорданың орталығынан басталып, қаланың шетіне дейін жалғасады. Барлығы 23 697 мың м2 ашық аумақта өңдеу жүргізілді.

Қала маңындағы қорғаныс тосқауылдары елорданың шет жақтарынан масалар мен шіркейлердің жаппай ұшып кетуіне жол бермеу мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі. Жұмыстар арнайы дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, адамдар мен жануарларға қауіп төндірмейтін хлорпирифос және малатион белсенді затымен органофосфор қосылыстары (ОФҚ) класының инсектицидтік препараттарын қолдана отырып жүргізіледі.

Шыбын-шіркейді жою жұмыстарына 150 дезинфектор, 8 биолог-энтомолог, 24 термогенератор, 150 моторлы-ранцты бүріккіштер, дезинфекциялық қондырғылары бар дезинфекциялық машиналар мен мотошасси жұмылдырылды.

111 тіркелген (тұрақты) су айдындарында және 123 уақытша пайда болған таяз суларда ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Өңдеу жүргізілгеннен кейін «Астаналық дезинфекция» ЖШС қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарына жүргізілетін жұмыстардың тиімділігі тұрғысынан ішінара сауалнама жүргізді. Нәтижелер дезинсекциялық жұмыстардың сәтті жүргізілгенін көрсетті, қала тұрғындары масалардың жоқтығын растап, жүргізілген жұмыстар үшін алғыс білдірді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109