1119

Нұр-Сұлтанда «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 68 жобаға қолдау көрсетілді

Нұр-Сұлтанда «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 68 жоба қолдау тапты. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлердің 23 жобасы бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тек экономиканың басым секторларында беріледі, осылайша, егер ЭҚЖЖ кәсіпкер ұсынған хабарламада тізбеге енбесе, жоба қорғауға жіберілмейді.
Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 68 жоба мақұлданды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлердің 23 жобасы (бұдан әрі – ХӘОТ) бар.

Бағдарламаның шарттары бойынша бөлінген қаражаттың 20%-ы ХӘОТ-қа жататын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге бағытталады.

«Active life» ЖК «ИНваСТО» мобильді жылжымалы сервис орталығы сияқты әлеуметтік маңызы бар жобаларды атап өткен жөн, олар Нұр-Сұлтан қаласының кез келген жеріне келіп, сол жерде техникалық көмек көрсете алады немесе күрделі жөндеу жүргізілген жағдайда уақытша арбамен қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ, Қазақстанда алғашқы отандық өндірістің экзоскелеттерін шығаруды жоспарлап отырған «Bars» ЖК «Отандық экзоскелет өндірісі» инновациялық бизнес-идеясы қолдау тапты.

Айта кетейік, осы жылдың 28 маусымы мен 12 шілдесі аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жұмыс органы ретінде «Qoldau» Цифрлық бизнес-платформасы арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру конкурсына шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қабылдады.

Барлығы 335 өтінім келіп түсті, мәліметтер өңделгеннен кейін 177 жоба қорғауға жіберілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109