1599

Елордада осы аптада қандай мәдени шаралар өтеді?

Осы аптада елорданың мәдениет мекемелері онлайн форматта өтетін бірқатар танымдық іс-шаралар, қойылымдар мен акциялар өткізеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Сәкен Сейфуллин мұражайы күн сайын Instagram (Bizbirgemiz) және Facebook (Сәкен Сейфуллин мұражайы) әлеуметтік желілерінде тарих, мәдениет тақырыптарында танымдық ақпараттар жариялайды. Мысалы, бүгін Қажымұқан Мұңайтпасовтың 140 жылдығына арналған «Күш атасы – Қажымұқан» дәрісін тыңдауға болады. Ертең, 18 тамызда Сәкен Сейфуллин туралы «Ұлт мақтанышы» деректі фильмі шығады. Сондай-ақ мұражай өз аккаунттарында атақты қазақ жазушысының өмірін зерттеген ғалымдардың өмірбаяндарымен бөліседі.

Ал елордалық қуыршақ театры қонақтарды Г.Х. Андерсеннің «Тумбелина» ертегісіне шақырады. Қойылым 20 тамызда сағат 16:00-де және 21, 22 тамызда сағат 12:00-де, 14:00-де, 16:00-де көрсетіледі.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі де атаулы күндерге орайластырылған түрлі іс-шараларды офлайн және онлайн форматта тұрақты негізде өткізіп тұрады. Апта бойы «Kitap Qala» жазушылар аллеясында «Ашық аспан астындағы кітапхана: жазғы оқу залы» өткізіледі. 18 тамыз күні сағат 11:00-де №10 бұқаралық кітапханада «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтеді. Ал сағат 15:00-де №8 балалар кітапханасында «Нам на всех дана одна планета хрупкая Земля!» экология сағаты өтеді. Ал бір күннен кейін № 2 балалар кітапханасында балаларға арналған ертегілер мен әңгімелер айтылатын «Лучшие друзья моей души» балалар алаңы ашылады.

«АЛЖИР» Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешенінде 20 тамыз күні сағат 12:00-де Азиза Рысқұлованың туғанына 110 жыл толуына арналған «Рысқұловтың отбасы тарихындағы репрессиялар» онлайн-көрмесі ұйымдастырылады.

Айта кету керек, ел тарихы, ұлы қайраткерлер, сәулет және киелі жерлер туралы танымдық, қызықты және маңызды ақпараттар күн сайын «Атамекен «Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің (@atamekenmap, atamekenmap.kz), тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекцияның (monuments_of_nursultan, MonumentsOfNursultan), «Мәңгілік ел» триумфалды аркасының (mangilikel_arch) әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109