1683

Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспана биыл да жалғасады

Нұр-Сұлтан қаласы жыл санап өсіп келе жатқанын ескерер болсақ, баспана мәселесі қашан да өзекті. Ел басшылығы осы мәселені шешу үшін 2019 жылдан бері жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға пәтерлер беру жобасын қолға алды. Бүгінге дейін аталмыш бағдарлама арқылы 1400 жас баспаналы болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жастар жылының салтанатты ашылу шарасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға пәтерлер беру туралы тапсырма берген. Елбасының тапсырмасын 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі толықтай орындап, жұмысшы жастарға 1050 пәтердің («Астаналық» және «Әлем» сауда орталықтарының арасындағы тұрғын үй кешені) кілтін табыстады.

Келесі 2020 жылға да дәл осындай меже қойылған еді, алайда пандемияға байланысты жоспарға еріксіз өзгеріс енді. Коронавирус эпидемиясына байланысты былтыр 350 пәтер тапсырылды. Жұмысшы жастарға пәтерлер Нұр-Сұлтан қаласындағы Р.Қошқарбаев даңғылы, Қордай және № 23-31 көшелері қиылысындағы, сол сияқты Абылай хан даңғылы мен Б.Момышұлы және Р.Қошқарбаев даңғылдарының қиылысындағы тұрғын үйлерден берілді. Бұл жылғы жастарға берілген баспана көлемі 32-48 шаршы метр аралығын құрайды.

Елбасының бастауымен жүзеге асқан жобаның мақсаты – алдағы 5 жыл ішінде жастардың қаражат жинап, жеке үйін сатып алуға жағдай жасау.

Жобаға қатысушыларға қойылар негізгі бес қағидат бар: 29 жастан аспаған, жұмыс істейтін, меншігінде тұрғын үйі жоқ, жинақ жасау үшін депозиттік шотының болуы, сондай-ақ соңғы 6 айда кемінде 40 АЕК табысының болуы. Жобаға қатысушылар қатары да аз емес. Былтыр 1-6 желтоқсан аралығында өтінімдер қабылдау ұйымдастырылып, жалпы 5463 өтініш қабылданды.

Өтінім берген қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша, ал пәтерлерді бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына сәйкес жүргізілді.

Биыл жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 1050 баспана беру жұмысы жыл соңына жоспарланып отыр.

Айта кетейік, елордада баспана мәселесін шешу үшін ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы елордада жалпы көлемі 3 миллион шаршы метр болатын тұрғын үй салынып, ел игілігіне берді. Сол сияқты әлеуметтік пәтер беру көрсеткіші де еселеп ұлғайды. Мәселен 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер пайдалануға берілсе, биыл бұл көрсеткіш 10 мыңға дейін артты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109