1135

Елорданың жаңа аула кеңістігі – бірлескен жобалаудың нәтижесі

Бос орынның орнына ойын алаңы, жаяу жүргіншілер серуендейтін тыныш аймақ және спорт алаңы. Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Тәшенов көшесі, 7 мекенжайындағы аула кеңістігінің тұжырымдамалық шешімімен бөлісті. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлайды.

Бүгінде жаңа аула кеңістігін абаттандыру жұмыстары аяқталды. Жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары бойынша орталықтандыру қағидатын ескере отырып жүргізілді. Мұндай қоғамдық кеңістіктер болашақта әр ауданда ашылады.

«Аталған қоғамдық кеңістікті жобалау кезінде дизайн-код та ескеріледі – жабын, жарықтандыру, сыртқы жиһаз. Мұндай тартымды орындар әрбір ауданда кезең-кезеңімен құрылатын болады», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Бұл жоба – елордалық урбанистердің осы ауланың тұрғындарымен қыста өткізген бірнеше кездесуінің нәтижесінде болды. Сауалнама жүргізіп, жергілікті тұрғындардың тілектерін зерделегеннен кейін Нұр-Сұлтан қаласының Урбанистика орталығының өкілдері аула кеңістігін абаттандыру жобасын әзірледі. Тұрғындар аулада қандай өзгерістер жасалғаны туралы шешіп, өзара дауыс береді.

«Урбанистер алынған тілектерге сүйене отырып, аула кеңістігінің эскизін жасайды. Осыдан кейін жобаны іске асыру үшін аудан әкімдігіне тапсырамыз», - деп атап өтті урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Балалар алаңынан басқа, серуендеуге ыңғайлы болу үшін тыныш аймақ, кедергісіз орта бар жаяу жүргінші жолы да ашылады. Әткеншек-орындықтар және көше тренажерлері де салынады.

Жұмыс елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары бойынша жүргізілуде. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды. Биыл 190-ы салынып, жөнделеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109