1810

Нұр-Сұлтанда 159 мекеме «Ashyq» жобасының көшбасшылар тізіміне енді

Нұр-Сұлтанда «Ashyq» жобасы көшбасшыларының тізімі жаңартылды. Қазіргі уақытта 159 мекеме қосымша жеңілдіктер беретін екі апталық статусқа ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Ashyq» жобасының жаңартылған көшбасшылар тізіміне 159 ұйым енді. Олардың арасында әуежай, вокзалдар, ірі сауда ойын-сауық орталықтары, бөлек орналасқан дүкендер, мәдениет нысандары, қоғамдық тамақтану орындары, бассейндер, СПА-орталықтар және т.б. бар.

Жоба көшбасшыларының тізімін қала әкімдігі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда (екі апталық кезеңде) QR-код арқылы тіркелген келушілердің мәліметі негізінде қалыптастырады.

Естеріңізге сала кетейік, «Ashyq» көшбасшысы» статусын алған жоба қатысушысы «қызыл» аймақта орналасса «сары» аймақтың шарттары бойынша, ал «сары» аймақта «жасыл» аймақтың шарттары бойынша жұмыс істей алады. «Жасыл» және «қою қызыл» аймақтардағы жоба қатысушыларына жұмыс тәртібі қосымша 2 сағатқа ұзартылады, сондай-ақ нысанның толтырылуы 10%-ға артады.

Вакцинаның бірінші компонентін қызметкерлердің кемінде 90%-ы алған жағдайда, бұл орайда соңғы 3 ай ішінде медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, ауырып жазылған адамдарды есепке алмағанда нысанның толтырылуы 20%-ға көбейеді.

Естеріңізге сала кетейік, жобаға қатысушылар санитарлық нормаларды толықтай сақтауы тиіс. Егер карантин талаптары бұзылса тізімнен шығарылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109