1194

Елордалық депутат медицина нысандарына 100 оттегі концентратын табыстады

Коронавирус инфекциясымен күрес тоқтар емес. Сол күрестің алдыңғы шебінде дәрігерлер жүр. Бір жұтым ауаға зарыққан науқастарды емдеуге дәрі-дәрмекпен қатар, заманауи  медициналық жабдықтар қажет. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының VII шақырылымының депутаты Талғат Қожахметов «BI Group» компаниясымен бірлесіп, «Сарыарқа» ауданында орналасқан медициналық нысандарға және № 6 қалалық емханаға 100  оттегі концентратын табыстады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елдегі эпидемиалогиялық жағдай туралы күнделікті оқып, хабардар болып отырамын. Өкінішке қарай, дәрігер емеспін. Дәрігер болсам алдыңғы шепте еңбек етіп, науқастарды емдеуге жәрдем берер едім. Өз қолыммен емдей алмасам да дәрігерлерге басқа жолмен көмек беретін мүмкіндігім болғанына қуанамын», - деді депутат Талғат Қожахметов.

Қазіргі уақытта ауыр науқастардың көбінің өмірі тікелей осы аппаратқа байланысты болып отыр. Тыныс алу аппараттары қажеттілік танытқан медицина нысандарына таратылды.

«Тыныс алу аппараттарында ауыр науқастар тәулік бойы жатады. 35 тәулік жатқан науқастар да болды. Осыған орай қажетті жабдықтарды табыстап жатқандарыңызға алғысымыз шексіз. Бәріміз халықтың жағдайы үшін еңбек етіп жүрміз. Осы еңбегіміздің нәтижесінде науқастар да емделіп шығып жатыр. Дәл қазіргі таңда елдің амандығы маңызды», - деді өз сөзінде ковидтік аурухана ретінде қайта бейімделген ҚР ДСМ «Отан Соғысының Мүгедектеріне арналған Орталық Клиникалық Госпиталь» директоры Динара Оразалина.

Айта кетейік, коронавирус індетін тоқтатудың жалғыз, тиімді жолы – вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 381 мыңнан астам адам алды, ал 300 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109