1460

Елордада қала тұрғындары үшін COVID-19 вакцинасының үш түрі қолжетімді

Елордада 100-ге жуық КВИ-ге қарсы егу пункті бар. Қала тұрғындары үшін вакцинаның үш түрі қолжетімді – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell және ресейлік «Спутник V», деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада бүгінде таңғы 8-ден кешкі 10-ға дейін жұмыс істейтін 100-ге жуық егу пункті бар. Халықты коронавирусқа қарсы егу қаланың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында және сауда үйлерінде жүргізіледі. Олардың қатарында «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа», «Еуразия» сауда ойын-сауық орталықтары мен «Мечта» сауда үйі бар.

Азаматтар қолда бар үш вакцинаның бірін таңдай алады. Егу пункттеріндегі барлық вакциналар жеткілікті мөлшерде бар.

Сонымен қатар, елордалық денсаулық сақтау басқармасы азаматтарға екінші компонентті алуда проблемалық жағдайларды болдырмас үшін екпенің екі кезеңін де бір пункте өтуге кеңес берді.

«Біз азаматтардан вакцинаның бірінші және екінші компонентін бір пункте алуды сұраймыз. Мысалы, бірінші дозаны алу үшін сіз белгілі бір емханаға немесе сауда орталығына барсаңыз, екінші дозаны да вакцинация арасындағы аралықты сақтай отырып, сол жерден алуды ұсынамыз», - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 381 мыңнан астам адам алды, ал 300 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

Бүгінгі таңда екпе COVID-19 пандемиясымен күресудің ең тиімді құралы болып саналады. Тек екпе алу арқылы өзіңіздің жəне жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109