1281

IKOMEK мониторинг орталығы тәулік бойы елордадағы қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалайды

IKOMEK мониторинг ахуалдық орталығының бейнебақылау операторлары тәулік бойы елордадағы қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалайды. 16 530 бейнебақылау камерасы саябақтар, гүлзарлар, мешіттер, автобус аялдамалары, сауда ойын-сауық орталықтары және т.б. адам көп жиналатын орындарды бақылайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта елордалық iKomek ахуалдық мониторинг орталығы базасында бейнекамералар арқылы санитарлық нормаларды сақтау мәселесіне мониторинг жүргізілуде.

«Санитарлық талаптарды бұзған қала тұрғындары мен қонақтарына түсіндіру жүргізу үшін нысан басшылығына жедел хабар жіберіледі. Бұл жұмысты біз елордада коронавирустық инфекцияны таратпау мақсатында жүргізіп отырмыз», – деді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

«СЕРГЕК» бейнебақылау камералары арқылы жыл басынан бері 1 715 әкімшілік құқық бұзушылық, 37 санкцияланбаған қоқыс тастау фактісі, 6 әскери қызметші құқық бұзушылыққа жол беру жағдайы және 84 ашылған қылмыстық іс рәсімделді. Нәтижесінде 26 730 209 теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, мониторинг орталығы полиция департаментімен, ветсервиспен және қаланың коммуналдық қызметтерімен тығыз жұмыс істейді. Жыл басынан бері құқық қорғау, сот органдары мен адвокаттық ұйымдардан 935 сұрау салынып, қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы ТКШ мәселелері бойынша 7306 бұзушылық және үйсіз жануарларды табудың 86 фактісін анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, «iKOMEK» Ахуалдық орталығы 16 000-нан астам камера арқылы тәулік бойы бақылау жүргізуде. Нұр-Сұлтан қаласының полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109