1953

Биыл Нұр-Сұлтанда қай елді мекендер газдандырылады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биылғы жылыту маусымында қаланың жеті елді мекенінің тұрғындары газға қосыла алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Жылыту маусымының басталуына аз уақыт қалды. Елордада жылыту маусымы шамамен 7 айға созылатынын ескерсек, газдандыру жұмысы қала тұрғындарының өмір сүруін едәуір жақсартады.

Биылғы жылыту маусымында қаланың тағы жеті елді мекенінің газға қосылу мүмкіндігі бар. Олар: Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Көктал-1, Агроқалашық (2020 жылы қосылмаған бөлік). Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. «Қазақауыл» (Қараөткел) шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Осылайша жүйелі негізде газ тарату желілерін салу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Биыл тағы 317 км газ тарату желісін саламыз, оның 240 км астамы салынды.

Өткен жылыту маусымында Теміржолшылар, Көктал-2, Агроқалашықтың бір бөлігінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алды. 345 км кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салдық.

Газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы. Бұл жоба қала экологиясын жақсартуға, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Себебі үйлерді көмірмен жылытудың қажеті жоқ, сондай-ақ қауіпсіздік артады.

Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», - деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109