1497

IQala орталығы жыл басынан бері 87 мыңнан астам қызмет көрсетті

Нұр-Сұлтан тұрғындары IQala орталығына жиі жүгіне бастады. Жыл басынан бері орталық қызметкерлері 87 мыңнан астам қызмет көрсетті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

IQala қызметтері орталықтың фронт-офлайн форматында, сондай-ақ www.iqala.kz сайты арқылы онлайн ұсынылады.

Сервисті цифрландырудың арқасында порталдың көмегімен қызметтерді алудың танымалдылығы айтарлықтай өсті. Сайт арқылы алынатын ең танымал сұраулар – электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, сумен жабдықтау және су бұру бойынша шарттар жасасу.

Айта кетейік, қажетті қызметтерді www.iqala.kz порталы арқылы аптаның кез-келген күнінде, тәулік бойы алуға болады. Ол үшін порталда ЭЦҚ арқылы тіркелу, содан кейін қажетті ұйымды, одан әрі қажетті қызметті таңдау жеткілікті. Өтініштерді өңдеу мерзімдері регламенттелген. Клиент өтінішінің дайындығы туралы ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі.

Қызметтерді алу үшін елордалықтар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсеге де жүгіне алады. Бұл дегеніміз елорда тұрғындары мен кәсіпкерлеріне қызмет алу үшін әрбір коммуналдық қызметке жеке барудың қажеті жоқ. Енді барлық қалалық коммуналдық қызметтермен келісімшарт жасасу үшін фронт-кеңседегі «бір терезеге» жүгіну жеткілікті.

Бүгінде орталық елорда тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық сектордың 152 қызмет түрін көрсетеді. Орталықтың алдағы жоспары мынадай – монополистердің барлық қызметін цифрландыру, цифрландырылған сервистер тізімін кеңейту, қызмет көрсету үшін бизнес-процестерді автоматтандыру және қала тұрғындарына қызмет көрсету сапасын арттыру.

Естеріңізге сала кетейік, iQala қалалық қызметтер орталығы елорда әкімдігінің бастамасымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында құрылды. Орталықтың жұмысын «Astana» ӘКК» АҚ жүзеге асырады.

IQala қалалық қызметтер орталығының жұмысы туралы толығырақ iqala_smartсity Instagram, Facebook ресми парақшасынан, www.iqala.kz порталынан білуге болады немесе Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek 109 байланыс орталығының бірыңғай нөміріне хабарласуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109