2159

Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды

Бүгін елордада "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда ел өңірлерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Дәстүр бойынша маусымды Түркістан облысы ашты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"21 тамыздан бастап қалада республика өңірлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің кезекті маусымы басталды. Бүгін бізде бірінші жәрмеңкені дәстүрлі түрде оңтүстік өңір - Түркістан облысы ашады. Облыс 500 тоннаға жуық түрлі өнімдер әкелді: ет, сүт, көкөніс өнімдері және бақша дақылдары. Қаладағы жәрмеңкелер 31 қазанға дейін жалғасады",-деді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы Руслан Ыдырысов.

Жәрмеңкеде өңірдің 50-ден астам өндірушілері 99 тонна ет және ет өнімдерін, 75 тонна сүт өнімін, 152 тонна көкөніс, 21 тонна жеміс-жидек, 23 тонна картоп, 20 мың дана тауық жұмыртқасын, 11 тонна балық, 2 тонна бал, 31 тонна кептірілген жемістер мен түрлі консервілерді, 8 тонна басқа өнімдерді әкелді.

"Бүгінгі жәрмеңкеге Түркістан облысының 50-ден астам тауар өндірушісі қатысады, өндірушілерден делдалсыз 500 тоннаға жуық өнім ұсынылған, сондықтан бағалар нарықтық бағадан 15-20%-ға төмен", - деп түсіндірді Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

Жәрмеңкеге келушілер бағаның арзан екенін және ұсынылған өнімдердің сапасын атап өтеді.

"Мен зейнеткермін және азық-түлік өнімдерінің бағасы маған өте қолайлы, өйткені барлық өнімдер қолжетімді. Мұнда барлық қажетті өнімдер ұсынылған. Елордада жыл сайын осындай жәрмеңкелер өткізілетініне, бұл жұмыстар болашақта да жалғаса беретініне қуаныштымыз", - деді қала тұрғыны Күміс Әбдіғалиева.

Айта кету керек, жәрмеңке кезінде барлық санитарлық нормалар сақталады: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109