1840

Елордада үйлену тойы өтіп жатқаны анықталды

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы карантиндік шектеулердің сақталуы тұрғысынан қаланың кәсіпкерлік объектілерін тексеруді жалғастыруда. Мәселен, өткен тәулікте, яғни 20 тамызда қаланың 10 мекемесі шектеу шараларын бұзды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданының құқық бұзушылар тізімінде 4 мекеме бар. Оның ішінде Мәңгілік Ел даңғылындағы "Лото клуб", "La Terrazza" мейрамханасы, "The Bus" бар, "Хан Талапай" мейрамханасы бар. "Хан Талапай" мейрамханасында көп адамның қатысуымен үйлену тойы өтті.

Сарыарқа ауданында орналасқан "Discrit playstation" ойын клубында және "Табу" массаж салонында карантин сақталған жоқ.

Алматы ауданының мониторингтік топтары "Шеш Беш" кафесінде, "Царская моншада", "Сова" караоке клубында шектеу шараларының бұзылуын тіркеді. Байқоңыр ауданында "Шашлыкоff" барында карантин ескерілген жоқ.

Айта кетейік, тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес, коронавирустың таралуының одан әрі өсуіне жол бермес үшін қала қонақтары мен тұрғындары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109