1470

Нұр-Сұлтанда бір күнде 30-ға жуық мекеме карантин талаптарын бұзды

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күн сайын олар қаланың жүзден астам кәсіпкерлік нысанын тексереді, оның барысында санитарлық нормалар мен карантин талаптарын ондаған мекеме бұзғанын анықтайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, яғни 21 тамызда қаланың 29 мекемесі шектеу шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Байқоңыр ауданында карантин режимін "Табыс", "Porta fortuna" мейрамханалары, "Тортуга", "Панаехали", "Мята", "Barrus" барлары бұзды.

Ал Сарыарқа ауданында орналасқан "Қарақат" кафесінде, "Чили гриль", "Sky smoke" кальянында және "Джентельмен клаб" массаж салонында карантин талаптары бұзылғаны тіркелді.

Карантиндік шектеулерді бұзушылар тізіміне Алматы ауданының 10 кәсіпкерлік нысаны енді. Олардың қатарында "Мико" кафесі, "Shygys Juldyzy" мейрамханасы, "В дрова" бары, "Рыба моей мечты" караоке-бары, Егінді көшесінде орналасқан коттедж, "Тема", "Арена" компьютерлік клубтары, "Мята" бары, "Janym Soul", "Sova" караоке-клубтары бар.

"Панаехали", "Tequila" барларында, "Veranda" жазғы террасасында, "Baoli" лаундж-барында, "Zoloto", "Carreta", "MILLIONAIRE", "Рабия" мейрамханаларында, "Алания" караоке-клубында белгіленген жұмыс режимі сақталмаған. 

Айта кетейік, тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, елордада эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес, коронавирустың таралуының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін қала қонақтары мен тұрғындары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109