1176

«Дельта» штамы негізінен вакцинацияланбағандар арасында таралады – профессор-иммунолог

Иммунолог профессор, профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман вакцина алмағандар жайлы түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, «Дельта» штамы негізінен иммундаудан өтпегендер арасында таралады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүкіл әлемде вакцинация коронавирустық пандемиямен күресудің жалғыз, тиімді әдісі ретінде саналады. Алайда, халықты жаппай иммундауға қарсы шығатындар да бар. Олар өзгелерді үгіттеп, ғылыми расталмаған мәліметтерін келтіреді.

«Әлемде коронавирустық жағдайды қазір вакцинацияланбағандар пандемиясы деп атауға болады. Өйткені, «Дельта» нұсқасынан туындаған инфекция негізінен вакцинацияланбаған адамдар арасында белсенді түрде таралады. Олар пандемияның өте қауіпті кезеңінде өздері ауырып қана қоймай, инфекцияға бейім адамдарға, соның ішінде созылмалы аурулары бар адамдарға, қарттарға, балалар мен жасөспірімдерге жұқтыру мүмкін», - дейді иммунолог Алмаз Шарман.

Оның айтуынша, вакцинацияланған адамдар да коронавирус жұқтыруы мүмкін. Ғалым қазіргі жағдайды орман өртінің ошақтарымен салыстырды.

«Бұл жағдай жылдам тұтанатын құрғақ ағаштардың есебінен тез таралатын орман өртінің ошағына ұқсауы мүмкін. Олардың арасында бүршік жарып келе жатқан жасыл тұстары да болады. Міне індет ошағы да тура осылай: вирус вакцина алмағандар арасында жылдам таралады. Бірақ вакцина алғандарға да жұғуы мүмкін. Қоғамда вакцина алғандар қатары аз болған сайын вирус та екпеге қарсы тұруы үшін мутацияланады. Бұл өрт кезінде аздап су сеуіп, түтін пайда болған секілді. Өрт ошағын жаңбыр мен оның қоршауы ғана тоқтата алады. Эпидемиологиялық ошақ та дәл сондай. Вирусты жеңу тек жаппай вакцинацияланғанда, сол сияқты маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтағанда ғана мүмкін», - деп атап өтті ол.

Айта кету керек, вакцинацияның арқасында ғана қоғам қалыпты өмірге орала алады. Сонымен қатар, вакцинацияланған және вакцинацияланбаған азаматтар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: Маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы және т.б.

Бүгінгі таңда елордада КВИ вакцинасының бірінші компонентін 400 мыңға жуық адам алды, 310 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109