1838

Нұр-Сұлтанда қала тұрғындарын вакцинация пунктеріне жеткізетін автобустар ұйымдастырылды

Сарыарқа ауданындағы елді мекендердің тұрғындарын вакцинация пунктеріне жеткізетін арнайы автобустар ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Вакцина алатын тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Агроқалашық, Көктал-1, Көктал-2 елді мекендерінен емханаларға дейін арнайы автобустар жүретін болады.

Автобустардың жүретін уақыты мен орындары туралы ақпаратты елді мекендердің инспекторларынан білуге болады.

Агроқалашық елді мекенінің инспекторы: Ержан Жұмағұлов – 8 701 527 98 99.

Көктал -1 және Көктал-2 елді мекендерінің инспекторы: Самат Топатаев – 8 702 818 88 01.

Қазіргі таңда Сарыарқа ауданында орналасқан емханаларға 267 354 тұрғын тіркелген, ал олардың 253 812-сі коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды.

Естеріңізге сала кетейік, індетпен күресудің ең тиімді әдісі – халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Қазіргі уақытта елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО мен СҮ-де 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109