1197

Нұр-Сұлтанда мәдениет мекемелерінің қызметкерлері вакцинациядан өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Жастар театрының» қызметкерлері коронавирус індетіне қарсы вакцина алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасына тиесілі 15 шақты мекеме бар. Онда 1900 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 1700-і екпе алды. Өнер адамдары вакцина алып, ішкі қауіпсіздікті, театрымызды қауіптен сақтап отырмыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Әлімжанов.

Елордада қауіпті вирустың таралу деңгейі тұрақталып келеді, өткен тәулікте індеттің 650 жаңа жағдайы анықталды. Вакцинациядан өтуге ниет білдірушілер санының өсуі байқалады.

«Бүгін вакцинаның алғашқы компонентін 40-қа жуық адам алып отырмыз. Екпенің бірінші компонентін мен де алдым. Қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті сақтау үшін иммундаудан өтуге шақырамын», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ермек Рахымов.

Қалыпты өмірге оралудың жалғыз әрі тиімді жолы – вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Ол үшін азаматтардың 60% КВИ-ге қарсы екпе алуы керек.

«Халықпен тығыз жұмыс істейміз. Өзімізді ғана емес келген жұртты да ойлауымыз керек. Қауіпсіздікті ойлап, вакцина алып отырмыз. Әлемге зиянын тигізіп отырған COVID-19 індетін екпе арқылы ғана жеңуге болады деп санаймын», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Жастар» театрының актері Азамат Есқұл.

Айта кетейік, елордада КВИ вакцинасының бірінші компонентін 400 мыңға жуық адам алды, ал 310 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109