1259

Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар арасында бағалы жүлделердің жетінші ұтыс ойынының жеңімпаздары белгілі болды

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың жетінші ұтыс ойыны 21 тамызда (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік парақшаларында (Facebook, YouTube) тікелей эфирде өтеді. Жетінші ұтыс ойынына 14 тамыз бен 20 тамыз аралығында (қоса алғанда) екпе алғандар қатысты.

Вакциналанғандар арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойындары апта сайын өткізіледі.

Бұл ұтыс ойындарына вакцинациялаудың барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүзеге асады, азаматтарға құжаттарды толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын апта сайын өткізеді.

Осылайша, жетінші ұтыс ойынының жеңімпаздары:

iPhone 12 иегерлері:
1) № 6203 – Бейсембаева Қымбат Бақытжанқызы
2) № 6974 – Бермағанбетова Жанат Рүстемқызы
«Технодом» дүкенінің кір жуғыш машинасын жеңіп алды:
3) № 6383 – Табағұлов Александр Вадимович
«Технодом» дүкенінің тоңазытқышын ұтып алды:
4) № 8593 – Қарсыбаева Әсел Заманбекқызы
Осыған дейін вакцинацияланғандар арасында соңғы үлгідегі iPhone-ның 17 данасы, 5 тоңазытқыш, 3 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 DVR, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы және ауа ылғалдандырғыш ойнатылды.
Birge платформасында (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол вакцинацияланғандардың ID-ін генерациялау арқылы жүлдегерлерді таңдайды. Оны əзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Екпе алғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Апта сайынғы ұтыс ойынынан басқа, биыл қыркүйек айында екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері.

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығындағы вакцинация пунктінде екпенің бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өзінің, жақындарының денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, карантинге дейінгі режимге оралу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109