810

Елордалық еріктілер тыл ардагеріне көмір түсіруге көмектесті

«30 игі іс» акциясы аясында және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ еріктілері тыл ардагеріне көмір түсіруге көмектесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Кеше бізге тыл ардагері көмір түсіруге көмек сұрап қоңырау шалды. Біз келесі күні келіп, көмектесуге шешім қабылдадық. Бүгін көмірді ылғалдан бұзылмайтындай етіп түсіріп береміз. Бұл қарияға біз бірінші рет көмек беріп тұрған жоқпыз. Жақында ғана осы жердің аумағын қоқыстан тазартып бергенбіз», - деді «Астана жастары» КММ еріктісі Дамир Айтынов.

Волонтерлер атап өткендей, егде жастағы, жалғызбасты адамдар «Астана жастары» КММ-нің штабына жиі жүгінеді, содан кейін еріктілер аталған мекенжайлар бойынша шығып, қолғабыс етеді. Жас жігіттер ешқашан көмек көрсетуден бас тартпайды және көмірді түсіру, аумақты қоқыстан, қардан тазарту сынды кез-келген жұмысты істей береді.

Тыл ардагері Хабдулхамит Түкеев еріктілерге көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

«Менің өтінішімді жерде қалдырмай, қоңырау шала сала келіп, көмектесіп жатқан жігіттерге алғыс айтқым келеді. Жастар бізге бірінші рет көмектесіп отырған жоқ. Бұл жолы олардан көмірді көшеде ылғал мен шаң болмас үшін басқа жерге ауыстыруды сұрадық. Қыста еріктілер үйіміздің аумағын қардан тазартып берді. Олар өтінішімізден ешқашан бас тартпайды және бірден келеді — сол үшін де біз оларға өте ризамыз», - деді ардагер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109