1480

Алтай Көлгінов жылыту маусымына дайындық бойынша бірқатар тапсырма берді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жылыту маусымына жылумен қамту жүйелерін дайындауды жазда бастаймыз. Елордада жылыту маусымы шамамен 7 айға созылатынын ескерер болсақ, қысқа алдын ала дайындалу қажет. ЖЭО, Астана-Теплотранзит, Астана-АЭК өкілдерімен және басқа да жауапты тұлғалармен осы мәселе талқыланды. Жылыту маусымында қаланы жылумен қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма бердім.

Бірінші. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді уақытылы жылыту жүйесіне қосу қажет. Бүгінгі таңда білім беру нысандарының дайындығы – 99%, денсаулық сақтау нысандарының дайындығы – 95%, тұрғын үй қорының дайындығы – 81%-дан жоғары және т.б.

Барлық көрсеткішті 100%-ға жеткізу қажет. Жаңа нысандарды жылыту жүйесіне қосылу көздерін анықтап, қуатын тексеру маңызды. 

Екінші. Елді мекен тұрғындарына газға қосылу үшін техникалық шарттар беруді жалғастыру қажет.

Биылғы жылыту маусымында газға қосылу мүмкіндігі тағы 7 елді мекен тұрғындарына беріледі. Олардың қатарында Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Көктал-1, Агроқалашық (2020 жылы қосылмаған бөлік) бар. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. «Қазақауыл» (Қараөткел) шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.

Өткен жылыту маусымында Теміржолшылар, Көктал-2, Агроқалашықтың бір бөлігінің тұрғындары газға қосылды. 345 км кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салдық.

Үшінші. Елорданы газдандыру үш кезеңде жүргізілетінін, оның соңғы кезеңі 2023 жылға жоспарланғанын ескере отырып, қалада көмір сатудың 10 нүктесі белгіленді. Жеткізуді есепке алмағанда, орташа құны – 13 мың теңге (көмір сортына байланысты). 

2019 және 2020 жылы көмірді сату нүктелерінде ешқандай қиындық болған жоқ, сондықтан биылғы жылыту маусымында да жасанды тапшылыққа жол беруге болмайды, өйткені қоймалардағы отын көлемі жеткілікті.

Төртінші. Жылу электр орталықтары қаланы жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін стратегиялық нысандар болып саналады. Жыл соңына дейін ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де су жылыту қазандықтарын толықтай газға ауыстырамыз. 

ЖЭО-3 бойынша жобаға түзету жүргізілді, құрылыс-монтаждау жұмыстары, оның ішінде су жылыту қазандығында да қайта жанданды. Нысанды іске қосу 2022-2023 жылғы жылу беру маусымына жоспарланған, ЖЭО-3 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді, оның ішінде әлеуметтік нысандарды, әкімшілік ғимараттарды және т.б. жылумен қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, осы жылы екі газ қазандығының құрылысына кірісеміз. Олардың қуаттылығы ЖЭО-3 қуатынан 2 есе артық. Қазандықтар бірінші кезекте тапшылық болжанатын учаскелерді жылумен қамтамасыз ететін болады», – деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109