1091

Вакцина салдыруға болмайтын адамдар коронавирустан қалай қорғанады – елордалық дәрігермен сұхбат

Қазір елімізде халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Осы орайда, екпеге қарсы медициналық көрсетілімдері бар тұрғындар да кездседі.  Олар COVID-19 вирусынан қалай қорғанады? Бұл сұраққа елордадағы №14 қалалық емхана МКК терапевт дәрігері Мая Молдахан жауап берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Анафилактикалық шокты бастан кешірген, вакцина құрамындағы заттарға аллергиясы бар адамдарға екпе салынбайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ауырып жүрген немесе қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы сынды созылмалы дерті болса уақытша вакцина салдыруға болмайды. Бұдан бөлек 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті əйелдерге, бала емізетін əйелдерге де екпе салынбайды.

«Вакцина салдырмаған адамдар қалай қорғана алады дегенге келсек, бұл адамдар салауатты өмір салтын ұстануы қажет: құнарлы тамақтанып, иммунитетті көтеретін витаминдерді қолдану жəне құрамы дәрумендерге бай өнімдерді жиі пайдалануы керек. Сонымен қатар, қолыңызды жиі жуып, таза ауада серуендеңіз, дене шынықтырумен, гимнастикамен айналысыңыз жəне адам көп жиналатын орындарға, той-томалаққа бармауға кеңес беремін», - дейді дәрігер.

Бүгінде 6 миллионнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, ал 5 млн астам адам екінші компонентін алды. Екпе алғандар арасында КВИ-мен ауырғандар кездесті, бірақ оларда вакцина алмаған науқастарға қарағанда ауыру процесі жеңіл өтті, дейді мамандар. Мысалы, температураның ең шегі 38 градусқа дейін, əлсіздік, құрғақ жөтел сияқты белгілер ғана болған. Бұл науқастар тез арада емделіп шықты.
Қазір Нұр-Сұлтан қаласында да, еліміз бойынша да эпидемиялогиялық ахуал көңіл көншітерліктей емес. Қазақстан бойынша күніне 6000-нан астам адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталады. Ең қорқыныштысы, бұл індеттен көз жұмғандар саны да азаймай тұр.
Сондықтан, дәрігерлер тұрғындарды екпе алуға шақыруда. Бүгінгі таңда тек вакцина ғана коронавирусқа қарсы тұра алатын жалғыз құрал болып табылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109