879

Нұр-Сұлтан қаласында 9 мекеме карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Өткен тәулікте, яғни 24 тамызда карантин шектеулерін сақтамаған 9 кәсіпкерлік нысан анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында белгіленген жұмыс режимін «Lavash food» фаст-фуд пункті мен «Opus One» кафесі бұзды. Осыған ұқсас бұзушылыққа Алматы ауданында орналасқан үш мекеме жол берді: «Атом» компьютерлік клубы, «Карима» палау-орталығы, «Ереймен» мейрамханасы.

«Doner House» фаст-фуд нүктесінде және Байқоңыр ауданындағы «Bistro» кафесінде, сондай-ақ Сарыарқа ауданындағы «Көктал парк» кафесінде және «Мята» лаундж-барында тиісті талаптар бұзылды.
Айта кетейік, тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Коронавирустың одан әрі өсуіне жол бермес үшін қала қонақтары мен тұрғындары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109