1134

«Вирус өз талаптарын қояды»: Көлгінов Елордада оқу жылының қалай өтетінін айтты

Нұр-Сұлтан мектептерінде оқу жылы дәстүрлі офлайн-форматта басталады. COVID-19 таралуын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылданды: Нұр-Сұлтанның барлық оқу орындары "Ashyq" жобасына қосылды, мұғалімдер вакцинацияланды, мектептер қорғаныс құралдарымен жабдықталуда және т.б. Алдағы оқу жылы қалай өтетінін елорда әкімі Алтай Көлгінов тамыз айындағы онлайн-кеңесте айтып берді.

«Өткен оқу жылы ұстаздар мен оқушылар үшін оңай болған жоқ. Осыған қарамастан, педагогтар, оқушылар және олардың ата-аналары қашықтан оқыту форматынан өз деңгейінде өтті. Олар шыдамдылық танытып, оқуға және сапалы білім алуға ниет білдірді. Бірақ қашықтан оқыту офлайн оқытудың орнын баса алмайды. Жоғары сапалы білім алу керек.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін барлық білім беру ұйымдары "Ashyq" жүйесіне қосылды. Бұл жоба өз тиімділігін көрсетті, ал сүзгі біздің педагогтар мен оқушыларды қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мектептің медициналық пунктерінің жұмысын күшейту, оқу орындарын қорғаныс құралдарымен жабдықтау тапсырылды. Сақтық шаралары толық қабылдануы тиіс», – деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі мұғалімдер мен оқу орындарының қызметкерлері, сондай-ақ ата-аналардың өздері арасында жаппай вакцинациялаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бүгінде елордада педагогтардың 99%-ы (бұл 16 мыңнан астам) және техникалық персоналдың 97%-ы (5 мыңға жуық) вакцинацияланды. Вакцинация сіздің денсаулығыңызды да, айналаңыздағы жандардың және жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Вакцинация арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасқаннан кейін ғана қала бұрынғы, карантинге дейінгі режимге орала алады.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109