1551

Нұр-Сұлтан әкімдігі жалпыға міндетті оқу аясында балаларға 800 млн теңге бөледі

Нұр-Сұлтан әкімдігі жалпыға міндетті оқу аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек ретінде 800 млн теңге бөледі. Биыл материалдық көмекпен қамтылатын оқушылар саны артты, ал 2020 жылдан бастап сомасы да өсті. Осылайша, әлеуметтік аз қамтылған отбасының әрбір оқушысына көрсетілетін көмек мөлшері 40 мың теңгені құрайды. Бұл туралы тамыз айындағы онлайн-кеңесте елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты.

«Мәселен, отбасында 4 бала болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Осылайша, бір отбасы мектеп киімін, аяқ киім мен оқуға қажетті керек-жарақтарын сатып алуға 160 мың теңге жұмсай алады. Биыл жалпыға міндетті оқу бағдарламасы 11 тамызда басталды. Біз балалар санын да, сонымен қатар ыңғайлы және таңдау болуы үшін компаниялар мен сауда орындарының санын да көбейттік. Өткен жылы бұл соманы бір балаға 40 мың теңгеге дейін ұлғайттық. Жалпы білім берумен 15 мыңнан астам оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Қажет болса, бұл сандарды қосымша арттырамыз. 

Сонымен қатар, «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы аясында оқушыларға көмек көрсетеміз. Бұл бағдарламамен тағы 7 мың бала қамтылады. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктер 2 мыңнан астам оқушыға керек - жарақтары бар рюкзактар табыстайды», – деді Алтай Көлгінов.

Жалпыға міндетті оқу аясында көмек алуға өтініш беру үшін ата-аналар бала оқитын мектепке жүгінуі қажет.

Жалпы оқыту шеңберінде көмек келесі санаттағы оқушыларға көрсетіледі:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

- АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасылардан шыққан балаларға;

- жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тұратын балаларға;

- ТЖ салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға;

- білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататындарға.

Көмек "Атамекен" ҰКП ұсынған "BMC Sales" цифрлы платформасы арқылы көрсетіледі, онда жеке нөмірі көрсетілген арнайы карталар пайдаланылады. Әлеуметтік бірліктер қозғалысын жеке кабинеттерде алушылар, әлеуметтік педагогтар, бағдарлама әкімшілері қадағалайды, бұл қаражаттың мақсатты және айқын пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109