1150

Елорда тұрғындарын бұқаралық спортпен шұғылдануға және вакцинациялауға шақырады

Елорда тұрғындары арасында спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанатындар қатары артып келеді. Пандемия кезінде ашық ауада спортпен айналысудың маңызы зор, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта қала тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуы үшін тиісті жағдайлар жасалуда. Бұл жұмыс өз нәтижесін беріп отыр: спорт секцияларына қатысатындар, ашық алаңдарда жаттығатындар қатары артып келеді.

«Кешқұрым уақытта серуендеу үшін саябаққа, сол сияқты спорт орталықтарына барсаңыз, спортпен айналысып жүрген адамды көп кездестіресіз. Үлкен кісілер де, жастар да өз денсаулығын күтетіні қуантады. Саябаққа барып, спортпен айналысуыңызға болады, ол үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Жаңа саябақтар ашылды, уақытылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мұның бәрі қала тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып отыр», - дейді спортшы Еркін Бұхарбаев.

Спортшылар жұртшылықты спортпен белсенді түрде айналысуға, сондай-ақ вакцинациядан өтуге шақырады. Осының нәтижесінде шектеулерді алып, қалыпты өмірге оралуға болады.

«Жеңіл атлетикамен бес жылдан бері айналысып келемін. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұртты вакцинациядан өтіп, спортпен шұғылдануға шақырамын», - деді елордалық жеңіл атлет Рауан Қайырхан.

Спортшы Аяулым Төлеутаева да вакцинацияның маңызын атап өтті:

«Баршаңызды спортпен тұрақты айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және карантин кезеңінде вакцинациядан өтуге шақырамын. Осылайша денсаулығымызды да, қауіпсіздігімізді де сақтаймыз. Сондай-ақ сүйікті ісімізбен айналысып, емін-еркін жүріп-тұра аламыз».

Елордада 24 тамыздағы жағдай бойынша КВИ вакцинасының бірінші компонентін 400 мыңға жуық адам алса, 317 мыңға жуық азамат толық имундаудан өтті

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109