720

Сарыарқа ауданындағы базарлардың саудагерлері індетке қарсы вакцина алды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сарыарқа» базарының саудагерлері COVID-19-ға қарсы екпе алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саудагерлер әлеуметтік жауапкершілікті ескеріп, вакцина алу туралы шешім қабылдады. Осы ретте Сарыарқа ауданының әкімдігі саудагерлерге қолайлы болу үшін вакцинациялау пунктіне дейін жеткізетін арнайы автобус ұйымдастырды.

«Қазіргі таңда бәріміздің ортақ мақсатымыз – қоғам болып індетпен күресу. Ал күресудің тиімді жолы – вакцина алу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Сарыарқа ауданындағы емханаларға тіркелген 267 354 тұрғынның 253 812-сі коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды. Өз тарапымыздан тұрғындарға ыңғайлы болу үшін вакцинациялау пунктеріне жеткізетін автобустарды ауданымыздың елді мекендеріне ұйымдастырдық. Дегенмен, тұрғындармен қатар, кәсіпкерлік нысандары да өтініш білдіріп отыр», – деді Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы м.а. Ернар Мырзахан.

Айта кетейік, елордада 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді. Нұр-Сұлтанда КВИ вакцинасының бірінші компонентін бүгінге дейін 400 мыңға жуық адам алса, 317 мыңға жуық азамат толық иммундаудан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109