899

Иммундау кезеңінде вирустан қалай қорғану қажет: Дәрігер кеңесі

Бүгінде елордада 100-ге жуық вакцинация пункті жұмыс істейді, олардың көпшілігі қаланың медициналық мекемелерінде орналасқан. №3 қалалық емхана бөлімшелерінің терапевтикалық және ЖПД меңгерушісі Көркем Асанова вакцинация алдында дәрігерлерге қандай сұрақтар көп қойылатыны, сол сияқты иммундау кезінде вирустан қалай қорғану керектігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Көркем Асанова коронавирусқа қарсы вакцинаны алар алдында қала тұрғындары көп қоятын сұрақтарды атады.

«Созылмалы ауруы бар науқастар вакцина зиян келтірмей ме деп сұрайды. Вакцинаның тиімділігін анықтау үшін антиденелерді қашан сынақтан өткізуге болатыны да жиі сұралады. Сондай-ақ «ДДҰ қандай вакцинаны кеңес етеді?» деген сауал да көп қойылады. Көпшілік үшін бұл өте маңызды, себебі олар шетелге шығуды жоспарлайды. Бұл сұрақтарды өз тәжірибемде жиі қойылатын сұрақтардың қатарына қосуға болады», - деді дәрігер.

Ол өз сөзінде адам вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін оқшауланғаны жөн екенін қозғап өтті. Себебі адам денесі бұл уақытта әлсіз болады. Оқшаулану мүмкін болмаса санитарлық нормалар мен жеке гигиенаның қарапайым ережелерін қатаң сақтау керек.

«Вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұстануды жалғастырған жөн: бетперде тағу, қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану және т.б. Сол сияқты екінші компоненттен кейін де сақтық шараларын ұстану қажет. Ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін вакцинация жалғыз тиімді қорғаныс болып қала береді», - деп түсіндірді дәрігер.

Вакцина алуға болмайтындар да бар. Оларда негізінен созылмалы аурулары болып жатады. Ал екпе алғысы келмейтіндер қатары бірнеше есе аз, айтуынша олар вакцинаның тиімділігіне күмән келтіреді.
«Вакцинациядан бас тартатындардың көбінде созылмалы ауруы бар. Мысалы, эпилепсия. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес мұндай пациенттерге, сондай-ақ онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға екпе алуға болады. Бірақ аса сақтықпен және дәрігердің рұқсаты арқылы әрі алғаннан кейін медициналық бақылауда болу қажет», - деп түсіндірді Көркем Асанова.

Вакцинацияланған азаматтар да коронавируспен ауыруы мүмкін екендігі белгілі. Алайда жұқтыру ықтималдығы вакцина алмаған адамға қарағанда төмен, ал ауырған жағдайда ауру жеңіл өтеді.

«Амбулаториялық емделушілерде ауру оңай өтеді. Мысалы, КТ суреттерінде вакцинацияланбаған адамдарда өкпенің зақымдануы 30% және одан жоғары екенін байқаймыз. Ал екпе алған адам жұқтырған жағдайда зақымдану көрсеткіші 3-4%-ды көрсетеді. Айырмашылықты COVID-19-дан кейінгі сынақтардың нәтижесінен де көруге болады. Екпе алғандар нормаға әлдеқайда жақын», - деп қорытындылады дәрігер.

Айта кетейік, бүгінде елордада КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 400 мыңға жуық адам алды, ал 317 мыңға жуық азамат толық иммундаудан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109