1662

Елордада масаларды улау бойынша жұмыстардың бесінші кезеңі жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтандағы шыбын-шіркейді улау жұмыстарының бесінші туры осы жылдың 19 тамызынан 7 қыркүйегіне дейін өткізіледі. Өңдеу жұмыстары тұрақты және уақытша су айдындары, сондай-ақ ашық алаңдар мен қала шетіндегі аумақтарда жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалада масаларды жою жұмыстарын Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының "Астаналық дезинфекция" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді.
Қазіргі уақытта ашық стациялардағы дезинсекциялық іс-шаралар елорданың орталығынан басталып, қаланың шетіне дейін жалғасады.

Қала маңындағы қорғаныс тосқауылдары елорданың шет жақтарынан масалар мен шіркейлердің жаппай ұшып кетуіне жол бермеу мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі. Жұмыстар арнайы дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, адамдар мен жануарларға қауіп төндірмейтін хлорпирифос және малатион белсенді затымен органофосфор қосылыстары (ОФҚ) класының инсектицидтік препараттарын қолдана отырып жүргізіледі.

Шыбын-шіркейді жою жұмыстарына 150 дезинфектор, 8 биолог-энтомолог, 24 термогенератор, 150 моторлы-ранцты бүріккіштер, дезинфекциялық қондырғылары бар дезинфекциялық машиналар мен мотошасси жұмылдырылды. Бесінші тур аясында жалпы ауданы 667,92 га болатын тұрақты және уақытша қалыптасқан таяз су айдындарында ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109