922

Елордадағы Сарыбұлақ өзенінде апта сайын экологиялық сенбіліктер өткізіледі

Апта сайын "Жаснұр "ӨШҚ" МКҚК қызметкерлері мен "Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ қызметкерлері еріктілерді тарта отырып Сарыбұлақ өзенінде сенбіліктер өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аумақты түрлі қоқыстан және қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ қоқыс жинау кезінде тоқыма, киім, матрац, көрпе, жастық заттары да табылды. Сондай-ақ, су беті тазартылып, құлаған жапырақтар мен ағаш бұтақтары жиналды, беткейлердегі артық өсімдіктер шабылды.
Барлығы бір тоннаға жуық қоқыс жиналды.
Естеріңізге сала кетейік, қоқыс пен басқа да қалдықтар қоқыс полигондардың пайда болуына әкеледі. Сондықтан әкімдік қала тұрғындарын жергілікті жердің тазалығын қадағалауға және қоқысты арнайы бөлінген контейнерлерге тастауға, пикниктерден кейін қоқыс қалдықтарын өзімен бірге алып кетуге шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109